Жасөспірімдер ортасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған плакаттар мен буклеттер конкурсы

02.02.2026

«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектепте жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған плакаттар мен буклеттер байқауы өткізілді. Бұл іс-шараға қатысу оқушылардың салауатты өмір салты мен жеке жауапкершілік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. 5 «В» сыныбының оқушылары тақырыптық материалдар дайындап қана қоймай, оларды тарату жұмысына да белсенді қатысты. Олар мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне буклеттер таратып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткізілген іс-шара профилактикалық және ағартушылық сипатта болып, оқушылардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға және «Адал Азамат» бағдарламасының құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.

          

Просмотров: 262


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу