Мектебімізде 10 сыныптар арасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Полиглот» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру, мемлекеттік тілге, орыс тіліне және ағылшын тіліне деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ өзге тілдерге құрмет сезімін қалыптастыру. «Полиглот» байқауы қатысушылардың сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін және тіл мәдениетін көрсетуді көздейді. Әрбір қатысушы үш тілде білімін сынап, түрлі тапсырмаларды орындады. Байқау барысында: • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтарға жауап беру; • Мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін табу; • Шығармашылық тапсырмаларды орындау қарастырылды. Бұл іс-шара жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, көптілділік құндылығын дәріптейді. Іс шараны өткізген Камзинов Арман Зияшевич, Чаус Анастасия Игоревна, Сабитова Акжайык Оркеновна.