2025 жылдың 4 қыркүйегінде «Құлақтан кріп, бойды алар» атты Абай Құнанбаевтың 180 жылға толуына арналған әдеби монтаж өтті. Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын бағасыз мұра ретінде дәріптеп, жаңа буын жас ұрпаққа таныту және терең меңгерту. Іс-шараға 5–7-сынып оқушылары қатысып, ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі қойылымдар мен көріністер көрсетті. Іс-шараны қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері Жапарова А.А., Күнсұлу Бердимуратқызы, Медина Хапарқызы ұйымдастырды.